4 сағат бұрын
Аман Қонысбеков Азия чемпионатында екінші қарсыласын айқын басымдықпен жеңді
Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының сегізінші жарыс күні жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz
U23 санатындағы 75 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан қазақстандық боксшы Аман Қонысбеков жартылай финалда Үндістан өкілі Ниражбен қолғап түйістірді.
Жекпе-жектің алғашқы раундынан-ақ Аман толық басымдық танытып, қарсыласын қыспаққа алды. Қуатты әрі дәл соққыларының нәтижесінде үндістандық боксшы екі мәрте нокдаунға түсті.
Осыдан кейін төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатып, жеңісті Аман Қонысбековке берді. Осылайша, қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, cары құрлық додасының финалына жолдама алды.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов