3 сағат бұрын
Өнер Сейілхан Азия чемпионатында жеңісті жұлып алды
Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының сегізінші жарыс күні жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz
Жастар арасында әлем чемпионы, U23 санатында 80 келі салмақта өнер көрсетіп жатқан Өнер Сейілхан жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді.
Ол 1/2 финалда Қырғызстан өкілі Сағын Сатыбалды уулуымен кездесіп, үш раунд бойы тартысты әрі ашық айқас көрсетті. Алғашқы раундта төрешілер қарсыластың басымдығын байқағанымен, кейінгі екі раундта қазақстандық боксшы басымдықты өз қолына алып, жекпе-жек барысын өзгертті.
Нәтижесінде төрешілердің бірауыз шешімімен Өнер Сейілхан жеңіске жетті. Есеп: 5:0.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов