3 сағат бұрын
Темірлан Мұқатаев Азия чемпионатында айқын басымдықпен жеңді
Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының сегізінші жарыс күні жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz
U23 санаты бойынша 85 келідегі фаворит саналатын Темірлан Мұқатаев жартылай финалда жарыс қожайыны Рико Прайогимен жұдырықтасты.
Отандасымыз алғашқы раундтан басымдықты қолға алып, қарсыласын 2 мәрте нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті 2-раундта тоқтатуға шешім қабылдады.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов