Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 сағат бұрын

Ибрагим Бетаев Азия чемпионатында айқын басымдықпен жеңіске жетті

Ибрагим Бетаев Азия чемпионатында айқын басымдықпен жеңіске жетті

Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының сегізінші жарыс күні жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz

U23 санатындағы 90 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ибрагим Бетаев жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Сангин Паркпен кездесті.

Жерлесіміз жекпе-жекті жоғары қарқынмен бастап, алғашқы раундта-ақ қарсыласын нокдаунға түсірді. Екінші раундта да Ибрагим басымдығын сақтап, нәтижесінде кездесуді техникалық нокаутпен аяқтады.

Осылайша, Ибрагим Бетаев U23 турнирінің финалына жолдама алды.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан