Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Аслан Елдібайұлы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Аслан Елдібайұлы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының сегізінші жарыс күні жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz

U23 санатындағы +90 келі салмақта өнер көрсеткен Аслан Елдібайұлы жартылай финалда Өзбекстан өкілі Озодбек Алиевпен кездесті.

Екі боксшы да жекпе-жек барысында белсенділік танытып, шабуылдағы соққыларын сәтті пайдаланды. Тең дәрежеде өткен тартысты айқастың тағдыры үшінші раундта шешілді. Нәтижесінде төрешілер 1:4 есебімен жеңісті өзбекстандық спортшыға берді.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан