Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

4 сағат бұрын

Бокстан Азия чемпионатының жартылай финалы қалай өтті?

Бокстан Азия чемпионатының жартылай финалы қалай өтті?

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан бокстан 2026 жылғы жастар (U23) мен жасөспірімдер (U19) арасындағы Азия чемпионатының сегізінші жарыс күнінде қазақстандық былғары қолғап шеберлері жартылай финалдық жекпе-жектерін өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.

Күндізгі сессияда U23 жас санатындағы қыздар арасында 48 келіге дейінгі салмақта Гүлназ Бөрібаева жапониялық Ю Миатаны 4:1 есебімен жеңді. 51 келіге дейінгі салмақта Анита Адишева Тайбэй өкілі И-Хуан Гуодан 4:1 есебімен басым түсті. 57 келіге дейінгі салмақта Ұлжан Сәрсенбек вьетнамдық Зи Зом Вуды 3:2 есебімен ұтты. 60 келіге дейінгі салмақта Аяжан Ермек өзбекстандық Муштарибону Иброхимжонға 1:4 есебімен есе жіберді. 70 келіге дейінгі салмақта Азиза Исина үндістандық Шиваниді 4:1 есебімен жеңді. 75 келіге дейінгі салмақта Шұғыла Нәлібай оңтүстік кореялық Нахион Кимді 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Ал 81 келіден жоғары салмақта Панар Сейітханқызы үндістандық Приянкаға 0:5 есебімен жол берді.

Кешкі сессияда U23 жас санатындағы ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта Бексұлтан Боранбек тартысты өткен кездесуде өзбекстандық Фариозбек Дусматовты 3:2 есебімен жеңді. 60 келіге дейінгі салмақта Нұрасыл Төлебек тайландтық Занапфансакон Каласирамды 5:0 есебімен ойсырата ұтты. 70 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Мурсал дәл осындай есеппен қатарлық Мохаммед Лкссад Дбичиден басым түсті. 75 келіге дейінгі салмақта Аман Қонысбеков үндістандық Ниражды бірінші раундта техникалық нокаутпен мерзімінен бұрын жеңді. 80 келіге дейінгі салмақта Өнөр Сейілхан қырғызстандық Сағын Сатыбалды уулуын 5:0 есебімен ұтты. 85 келіге дейінгі салмақта Темірлан Мұқатаев екінші раундта индонезиялық Рико Прайогиді техникалық нокаутпен жеңді. 90 келіге дейінгі салмақта Ибрагим Бетаев дәл осындай нәтижемен оңтүстік кореялық Сангин Паркты тоқтатты. Ал 90 келіден жоғары салмақта Аслан Елдібайұлы өзбекстандық Озодбек Әлиевке 1:4 есебімен есе жіберді.

Бокстан 2026 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері 15 және 16 шілде күндері өтеді.

Еске салайық, құрлық біріншілігінде Қазақстан құрамасы жасөспірімдер (U19) және жастар (U23) санаттарындағы ерлер мен әйелдер арасында жалпы 39 спортшымен өнер көрсетуде.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан