Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

20 сағат бұрын

Мадира Жұмақан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңілді

Мадира Жұмақан Азия чемпионатының жартылай финалында жеңілді

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында (U-19) қазақстандық боксшы Мадира Жұмақан жартылай финалда жарыс жолын аяқтады.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Үндістан өкілі Гунжанмен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған 0:5 есебімен жеңіліс тапты.

Осы нәтижеден кейін Мадира Жұмақан құрлық біріншілігін қола медальмен аяқтаса, оның қарсыласы финалға жолдама алды.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында U-19 және U-23 жас санаттары бойынша өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа 39 боксшымен қатысуда.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан