17 сағат бұрын
Айсұлу Мұхит Азия чемпионатының жартылай финалында жеңілді
Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында (U-19) қазақстандық Айсұлу Мұхит жартылай финалда жарыс жолын аяқтады.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Рушанабону Исоеваға төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен 0:5 есебімен есе жіберді.
Осылайша, Айсұлу Мұхит құрлық біріншілігін қола жүлдемен аяқтады. Ал Исоева турнирдің финалына жолдама алды.
Айта кетейік, U-19 және U-23 жас санаттары бойынша өтіп жатқан Азия чемпионаты 3–16 шілде аралығында Индонезияның Джакарта қаласында ұйымдастырылуда. Қазақстан бұл додаға 39 боксшымен қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан