Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

17 сағат бұрын

Айдана Убайдуллақызы Азия чемпионатында айқын басымдықпен жеңіске жетті

Айдана Убайдуллақызы Азия чемпионатында айқын басымдықпен жеңіске жетті

Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының тоғызыншы жарыс күні жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында U19 санатындағы Айдана Убайдуллақызы (80 келі) алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Жартылай финалда отандасымыз Қырғызстан өкілі Мирим Чинбековамен кездесіп, айқын басымдық танытты. Екінші раундта Айдана қарсыласын үш мәрте нокдаунға жіберді. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатып, қазақстандық боксшының техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін жариялады.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан