Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

17 сағат бұрын

Зарина Толыбай Азия чемпионатында қарсыласын бір минутта жеңді

Зарина Толыбай Азия чемпионатында қарсыласын бір минутта жеңді

Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының тоғызыншы жарыс күні жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz

U19 санаты бойынша +80 келідегі Зарина Толыбай мерзімінен бұрын финалға өтті.

Отандасымыз жартылай финалда Вьетнам өкілі Зи Гунх Анх Лемен жұдырықтасып, 1 минутта қарсыласын 3 мәрте нокдаунға жіберді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаутты тіркеді.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан