15 сағат бұрын
Әділ Асқанбай Азия чемпионатының финалына жолдама алды
Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының тоғызыншы жарыс күні жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz
U19 санаты бойынша 50 келідегі Әділ Асқанбай жартылай финалда Қырғызстан өкілі Нұрсұлтан Дуишоналиевпен жекпе-жекке шықты.
3 раундта да отандасымз дәл соққыларымен төрешілердің назарын өзіне аудартып, 4:0 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов