14 сағат бұрын
Едіге Нұрғожа Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының тоғызыншы жарыс күні жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz
U19 жас санатында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Едіге Нұрғожа Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Жартылай финалда отандасымыз Өзбекстан өкілі Елиор Рустамовпен қолғап түйістірді. Едіге жекпе-жек барысында жеңіске деген жігері мен қайсарлығын танытқанымен, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (0:5) жеңіс қарсылас боксшыға берілді.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов