13 сағат бұрын
Бибарыс Әшірбай Өзбекстан боксшысын жеңіп Азия чемпионатының финалына шықты
Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының тоғызыншы жарыс күні жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz
U19 санаты бойынша 70 келіде фаворит саналатын Бибарыс Әшірбай жартылай финалда Өзбекстан боксшысы Саидхужа Садиллахужаевтың осал тұсын тапты.
Аяқта шебер қимылдап және қарсыласының әр қимылын толық бақылауда ұстаған отандасымыз төрешілердің бірауыз шешімімен басым түсті. Қорытынды есеп: 5:0.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов