11 сағат бұрын
Руслан Ахметов Азия чемпионатындағы қарсыласын 50 секундта жеңді
Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының тоғызыншы жарыс күні жалғасуда, деп хабарлайды Sport12.kz
U19 санаты бойынша 85 келідегі Руслан Ахметов жартылай финалда Тайпей өкілі Хао-Жан Янгты қапы қалдырды.
Отандасымыз небәрі 50 секундтың ішінде қарсыласын 2 мәрте нокдаунға түсірді. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Техникалық нокаут!
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов