Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

17 сағат бұрын

Әлімханұлы чемпион жолындағы қиындықтар туралы айтты

Әлімханұлы чемпион жолындағы қиындықтар туралы айтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде чемпиондық жолдың қиындықтары туралы әсерлі жазба жариялады.

Боксшы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында чемпиондық белбеулерімен түскен суретін бөлісіп, жеңіске жету жолындағы сынақтар мен мұраның мәңгілік мәні туралы пікір білдірді.

«Қиындықтар өтеді. Сынақтар аяқталады. Сізді тоқтатуға тырысқандар да ұмытылады. Бірақ чемпиондар ешқашан ұмытылмайды. Олардың нокауттары мен рингте қалдырған мұрасы мәңгі өмір сүреді», – деп жазды Әлімханұлы.

Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсанында Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына байланысты уақытша жарыстардан шеттетілген болатын. Соған қарамастан, WBO ұйымы оның әлем чемпионы мәртебесін сақтап қалды. Қазақстандық боксшының дисквалификациясы 2026 жылдың 2 желтоқсанында аяқталады. Осыдан кейін ол WBO-ның уақытша чемпионы, британиялық Дензел Бентлимен чемпиондық белбеуді біріктіру үшін жекпе-жек өткізуі тиіс.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан