Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

19 сағат бұрын

Әділ Асқанбай жастар арасындағы АЧ- ның күміс жүлдегері атанды

Әділ Асқанбай жастар арасындағы АЧ- ның күміс жүлдегері атанды

Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Әділ Асқанбай күміс медаль жеңіп алды.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Асқанбай өзбекстандық Уткизбек Нозкосимовпен кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан 5:0 есебімен өзбек боксшысына берді.

Осылайша, Әділ Асқанбай құрлықтық біріншіліктің күміс жүлдегері атанды.

Қазіргі уақытта финалдық жекпе-жектердің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде алты алтын және төрт күміс медаль бар.

Айта кетейік, 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты 16 шілдеде өз мәресіне жетеді.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан