19 сағат бұрын
Бибарыс Әшірбай жастар арасындағы Азия чемпионы атанды
Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Бибарыс Әшірбай алтын медаль жеңіп алды.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Әшірбай жапониялық Кунимитцу Хондзёмен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері жастар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде жеті алтын, бес күміс және үш қола медаль бар.
Айта кетейік, 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты 16 шілдеде аяқталады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан