18 сағат бұрын
Ақжүрек Қалабай Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Ақжүрек Қалабай күміс медаль жеңіп алды.
65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Қалабай Оңтүстік Корея өкілі Даехо Кангпен қолғап түйістірді. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 3:2 есебімен қарсыласына берді.
Осылайша, Ақжүрек Қалабай жастар арасындағы Азия чемпионатын күміс жүлдемен аяқтады.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының қоржынында алты алтын, бес күміс және үш қола медаль бар.
Айта кетейік, 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты 16 шілдеде өз мәресіне жетеді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан