Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

17 сағат бұрын

Бексұлтан Боранбек Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бексұлтан Боранбек Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан U19 және U23 санаттары бойынша Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына кезекті күміс жүлде түсті, деп хабарлайды Sport12.kz

Жастар арасында әлем чемпионы, U23 санаты бойынша 55 келідегі Бексұлтан Боранбек финалда Үндістан боксшысы Гангамен қолғап түйістірді.

Тартысқа толы әрі тең дәрежеде өткен финалдық кездесуде жеңімпаз төрешілердің шешімімен анықталды және 2:3 есебімен жеңіс үндістандық боксшыға берілді.

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан