17 сағат бұрын
Нұрасыл Төлебек Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан U19 және U23 санаттары бойынша Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына кезекті күміс жүлде түсті, деп хабарлайды Sport12.kz
U23 санаты бойынша 60 келідегі Нұрасыл Төлебек финалда Жапония өкілі Койчи Накаямен жұдырықтасты.
Жекпе-жектің алғашқы минуттарынан-ақ қазақстандық боксшы шабуылға ден қойып, ұпай жинауға тырысты. Өз кезегінде жапониялық былғары қолғап шебері қауіпті қарымта шабуылдарымен жауап беріп отырды.
Нәтижесінде төрешілер 0:3 есебімен жеңісті қарсыласқа берді.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов