16 сағат бұрын
Нұрбек Мұрсал Азия чемпионатының күміс жүлдесін еншіледі
Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан U19 және U23 санаттары бойынша Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны кезекті күміс жүлдемен толықты, деп хабарлайды Sport12.kz
U23 санаты бойынша 70 келідегі Нұрбек Мұрсал финалда биылғы Азия чемпионы, Өзбекстан боксшысы Абдуллох Мадаминовпен кездесті.
3 раунд бойы жоғары қарқында өткен жекпе-жекте 0:5 есебімен жеңіс қарсыласқа берді.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов