16 сағат бұрын
Аман Қонысбек Азия чемпионы атанды
Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан U19 және U23 санаттары бойынша Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны үшінші алтын жүлде түсті, деп хабарлайды Sport12.kz
U23 санаты бойынша 75 келідегі Аман Қонысбек финалда Қырғызстан өкілі Алмаз Орозбековпен жолықты.
Қазақстандық боксшы жекпе-жек бойы басымдық танытып, қарсыласына қуатты әрі дәл соққыларын дарытты. Нәтижесінде Аман Қонысбек 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов