16 сағат бұрын
Өнер Сейілхан Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді
Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан U19 және U23 санаттары бойынша Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны кезекті күміс жүлдемен толықты, деп хабарлайды Sport12.kz
Жастар арасында әлем чемпионы, U23 санаты бойынша 80 келідегі Өнер Сейілхан финалда әлем чемпионы чемпионы, Өзбекстан боксшысы Фазлиддин Еркинбоевпен жұдырықтасты.
Отандасымыз өз салмағының басты фавориттерінің бірі саналатын қарсыласына лайықты қарсылық көрсетіп, бірнеше сәтті шабуыл ұйымдастырды. Дегенмен, жекпе-жек қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті 1:4 есебімен өзбек боксшысына берді.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов