15 сағат бұрын
Темірлан Мұқатаев Азия чемпионы атанды
Бокстан Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан U19 және U23 санаттары бойынша Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны төртінші алтын жүлде түсті, деп хабарлайды Sport12.kz
U23 санаты бойынша 85 келідегі Темірлан Мұқатаев финалда Өзбекстан боксшысы Норбек Абдуллаевпен Өзбекстан өкілі Норбек Абдуллаевпен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Тартысты өткен жекпе-жекте қос боксшы да жоғары деңгейдегі өнер көрсетіп, ауыр әрі дәл соққылармен алмасты. Кездесу қорытындысы бойынша, төрешілердің шешімімен Темірлан Мұқатаев 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының Азиядағы құрылымы – Asian Boxing ұйымының ұйымдастыруымен екінші рет өткізіліп отыр. Алғашқы чемпионат 2025 жылдың тамыз айында Бангкокта өткен болатын. Биылғы дода 4 шілдеде Индонезия астанасы Джакартада басталды. Жарыста U19 және U23 жас санатындағы ұлдар мен қыздар бақ сынауда. Азия чемпионатына барлығы 330-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов