4 күн бұрын
Қазақстан құрамасы U23 Азия чемпионатын алты алтын медальмен аяқтады
Қазақстанның жастар құрамасы Индонезияның Джакарта қаласында өткен 23 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатындағы өнерін сәтті аяқтады.
Ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектердің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар 3 алтын және 4 күміс медаль жеңіп алды.
Аман Қонысбек (75 келіге дейін) финалда қырғызстандық Алмаз Оразбековты жеңіп, Азия чемпионы атанды. Темірлан Мұқатаев (85 келіге дейін) өзбекстандық Норбек Абдуллаевтан басым түссе, Ибрагим Бетаев шешуші кездесуде өзбекстандық Самир Сабировты жеңіп, Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль салды.
Күміс жүлдеге Бексұлтан Боранбек (55 кг), Нұрасыл Төлебек (60 кг), Нұрбек Мурсал (70 кг) және Өнер Сейілхан (80 кг) ие болды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы U23 Азия чемпионатын 16 медальмен аяқтады. Оның ішінде 6 алтын, 7 күміс және 3 қола жүлде бар.
Бұған дейін әйелдер арасында Гүлназ Борибаева (48 кг), Азиза Исина (70 кг) және Шұғыла Нәлібай (75 кг) чемпион атанса, Анита Адишева (51 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг) және Құралай Егінбайқызы (80 кг) күміс медаль жеңіп алды.
Ал Аяжан Ермек (60 кг), Панар Сейітханқызы (+80 кг) және Аслан Елдібайұлы (+90 кг) жарысты қола жүлдемен қорытындылады.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан