Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

3 күн бұрын

Жангелді Ахметов: Бокстан Азиядағы бәсекелестік айтарлықтай күшейді

Жангелді Ахметов: Бокстан Азиядағы бәсекелестік айтарлықтай күшейді

Қазақстанның U19 әйелдер құрамасы Азия чемпионатын үш алтын және үш қола медальмен аяқтады. Осы орайда бас бапкер Жангелді Ахметов Sport12.kz сайтына құрлық біріншілігінің қорытындысын шығарып, команданың нәтижесіне баға берді.

– U19 Азия чемпионаты сіздер үшін қалай өтті? Команданың жалпы нәтижесіне көңіліңіз тола ма?

– U19 Азия чемпионаты біз үшін үлкен тәжірибе мен маңызды сынақ болды. Жалпы команданың нәтижесіне көңіліміз толады. Спортшыларымыз бар күш-жігерін салып, ел намысын абыроймен қорғады. Әрине, әлі де жетілдіретін тұстар бар. Дегенмен, бұл жарыс алдағы жетістіктерге берік негіз қалады. Чемпионатты үш алтын және үш қола медальмен аяқтадық.

– Осы чемпионатта қай боксшылар өз әлеуетін толық көрсете алды? Ал кімдердің өнері күткендегідей болмады?

– Кейбір боксшылар өз мүмкіндіктерін толық пайдаланып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Ал кейбір спортшылардан бұдан да жоғары нәтиже күткен едік. Дегенмен, спортта жеңіс те, жеңіліс те болады. Бұл олардың әлеуеті төмен дегенді білдірмейді. Керісінше, мұндай жарыстар алдағы сындарға дайындалуға үлкен сабақ болады.

– Азиядағы бәсекелестік деңгейіне қандай баға берер едіңіз? Басқа құрамалардың деңгейі айтарлықтай өсті деп айтуға бола ма?

– Қазіргі таңда Азиядағы бәсекелестік өте жоғары деңгейде. Барлық құрамалар айтарлықтай күшейген, сондықтан әрбір жекпе-жек аса тартысты өтті. Әр қарсыласқа тыңғылықты дайындалу қажет. Мұндай жоғары деңгейдегі бәсекелестік біздің спортшылардың да шеберлігін шыңдауға ықпал етеді.

– Индонезияның климаттық жағдайына және уақыт белдеуіне бейімделу қалай өтті? Дайындық барысында немесе жарыс кезінде қандай да бір қиындықтар кездесті ме?

– Индонезияның ыстық әрі ылғалды климаты мен уақыт белдеуіне бейімделу жоспарға сай өтті. Алғашқы күндері аздап бейімделу кезеңі болғанымен, медициналық және жаттықтырушылар штабының жүйелі жұмысының арқасында спортшылар жарысқа толық дайын күйде шықты. Сондықтан бұл факторлар нәтижеге айтарлықтай әсер етті деп айта алмаймыз.

– Осы чемпионаттан кейін команданың негізгі кемшілігі ретінде нені атар едіңіз? Алдағы уақытта қандай бағыттарға басымдық беріледі?

– Бұл чемпионат команданың күшті тұстарымен қатар, әлі де жетілдіруді қажет ететін бағыттарын да көрсетті. Ең алдымен, жекпе-жек барысында тактикалық шешім қабылдау, тұрақтылық пен психологиялық дайындықты күшейту маңызды. Сонымен қатар техникалық шеберлікті жетілдіру, халықаралық тәжірибені арттыру және жоғары деңгейдегі жарыстарға тұрақты қатысуға басымдық береміз. Осы бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізсек, алдағы жарыстарда бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенеміз.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан