11 сағат бұрын
Садриддин Ахмедов: алдағы 5 жылда бокстың ең биік шыңын бағындырамын
Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО) әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Бұл спорттағы жол өте ауыр. Бұл менің чемпиондық атаққа жету жолындағы соңғы талпынысым. Алдағы бес жылда осы спорттың ең биік шыңына шығу үшін бар күшімді саламын. Өмірдің сынақтары мен жарақаттар әрдайым мақсатына ұмтылған адамның жолында кездеседі. Бірақ еңбекқорлығы мен батылдығы бар адамды олар ешқашан тоқтата алмайды. Сондықтан, жігіттер, еңбегіміз бен қайсарлығымыз ешқашан таусылмасын!» – деп жазды Ахмедов Instagram парақшасында бірнеше фото мен бейнежазбаны қоса жариялап.
Еске салайық, 28 жастағы Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың сәуір айында өткізген болатын. Сол кездесуде ол күтпеген жерден мексикалық Элиас Эспадаспен (23-9-1, 16 КО) тең түсті.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов