2 күн бұрын
Жәнібек Әлімханұлы чемпионға арнайы сәлемдемесін жолдады
Жеңілістің ащы дәмін татпаған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) британиялық Дензел Бентлиге (22-3-1, 18 KO) арнап құттықтау жолдады, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Бентлиді чемпиондық атағымен құттықтаймын. Чемпиондықтың қызығын көр, бауырым. Командаң мен отбасыңды да құттықтаймын. Енді сен толыққанды чемпионсың», – деп жазды Әлімханұлы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартып, екінші орта салмақ дәрежесіне ауысатынын мәлімдеген болатын. Осыған байланысты бұған дейін уақытша чемпиондық белбеуге ие болған Дензел Бентли енді WBO нұсқасы бойынша толыққанды әлем чемпионы атанады.
Сондай-ақ Әлімханұлы мексикалық Сауль «Канело» Альваресті (63-3-2, 39 KO) жекпе-жекке шақырып, алдағы уақытта бірнеше салмақ дәрежесінде чемпиондық белбеулерді жеңіп алуды мақсат етіп отырғанын жеткізді.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов