Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

19 сағат бұрын

Алматыда халықаралық деңгейдегі бокс кеші өтеді

Алматыда халықаралық деңгейдегі бокс кеші өтеді

25 шілдеде Алматыда кәсіпқой бокс кеші ұйымдастырылады. Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық Әли Ахмедов оңтүстікафрикалық Асемахле Веллемге қарсы шығып, IBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

Бокс кешінде бұдан бөлек, жеңіліп көрмеген қазақстандық Бек Нұрмағанбет ресейлік Артыш Лопсанмен күш сынасады. Сондай-ақ, Балауса Мұздыман кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізетін қырғызстандық Аделина Сатыбалдиевамен кездеседі.

Жалпы кеш аясында төрт титулдық жекпе-жек өтеді. Чемпиондық белбеулер үшін қазақстандық боксшылар Елшат Нығметолла, Саматали Төлтаев және Армат Арманұлы да шаршы алаңға шығады.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан