Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

5 сағат бұрын

Әлімханұлына титул үшін кіммен жұдырықтасу ұсынылды?

Әлімханұлына титул үшін кіммен жұдырықтасу ұсынылды?

Шетелдік сарапшы Майкл Коллинс қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақта чемпиондық жекпе-жекке тезірек шығу үшін кубалық Ослейс Иглесиаспен кездесуі мүмкін екенін айтты.

Оның пікірінше, Әлімханұлы жаңа дивизионда әлі рейтингке енбеген, ал басты үміткерлер чемпиондық кездесулер мен міндетті титул қорғау жекпе-жектеріне дайындалып жатыр. Сондықтан қазіргі таңда ең қолайлы нұсқалардың бірі – IBF чемпионы Ослейс Иглесиаспен айқас.

Алайда сарапшы бұл кездесудің аса қиын болатынын да атап өтті. Оның айтуынша, Иглесиас екінші орта салмақтағы ең қауіпті нокаутшылардың бірі саналады. Ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға оралатын Әлімханұлы үшін мұндай қарсыласпен кездесу үлкен сынақ болмақ.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлының дисквалификация мерзімі 2025 жылдың желтоқсанында аяқталады. Ол әлі күнге дейін WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сақтап келеді. Ал Ослейс Иглесиас екінші орта салмақта IBF және IBO чемпиондық белбеулерінің иегері.



Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан