2 күн бұрын
Жәнібек Әлімханұлы: Рингті сағындым
Жеңілістің ащы дәмін татпаған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
«Жұдырықтарым жекпе-жекті аңсап тұр. Рингті сағындым. Қарсыластарымды жарқын нокауттармен жеңген сәттерді сағындым. Жанкүйерлердің жаңғырған қошеметін сағындым. Жақында ораламын… және бұл оралу күткенге тұрарлық болады», – деп жазды Әлімханұлы Instagram-дағы сторисінде.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы допинг-сынамасының оң нәтиже көрсетуіне байланысты берілген дисквалификациясын өтеп жатыр. Оның жаза мерзімі биылғы желтоқсанда аяқталады. 21 шілдеде қазақстандық боксшы екінші орта салмақ дәрежесіне ауысатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, «Qazaq Style» өзінен бір салмақ төмен дивизиондағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тарту туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде Жәнібектің чемпиондық белбеуі британдық боксшы Дензел Бентлиге (22-3-1, 18 KO) бұйырды.
Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан
Қанат Байұзақов