Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Белгілі бокс менеджері федерация тарапынан қысым көргенін мәлімдеді

Белгілі бокс менеджері федерация тарапынан қысым көргенін мәлімдеді

Белгілі бокс менеджері әрі промоутер Жанпейіс Назарғали кәсіби бокс федерациясының жұмысына қатысты күтпеген мәлімдеме жасады.

Ол федерация тарапынан қысымға ұшырап, жұмысынан кетуге мәжбүр болғанын хабарлады.

Сондай-ақ ол федерация басшылығын білімсіз деп айыптап, әділетсіздіктер жиілеп жатқанын атап өтті.

“Кәсіпқой бокстағы мансабыма уақытша “Қош бол" деуге тура кеп тұр. Себеп көп, кетуге мәжбүрміз! Кетпеске мұрша бермей жатыр. Федерация тарапынан жасалып жатқан әділетсіздік, боксшының құқығын таптау, лицензиядан айыру, санкция бермеу, аяқтан шалу, көреалмаушылық, жамандау, өсек айту, т.б. себептер жетеді. Федерация басшылығының білімсіздігін айтпағанның өзінде.

Қорқыту мен үркіту, айдап салу арқылы ештеме шеше алмайсыздар дегім келеді. Бар шындық бір күні бәрібірде айтылар. Бәрінің де маскалары шешілер. Ол күн де алыс емес деп сенем! Кресло мен билік мәңгілік емес!”, — деді Жанпейіс Назарғали өзінің фейзбук парақшасында.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан