Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

22 сағат бұрын

Допинг дауына байланысты спорттан шеттетілген Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Допинг дауына байланысты спорттан шеттетілген Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жанкүйерлеріне үндеу жасап, рингке қайта оралуды асыға күтетінін айтты.

«Жұдырықтарым жекпе-жекті аңсап тұр. Рингті сағындым. Қарсыластарымды жарқын нокауттармен жеңген сәттерді сағындым. Жанкүйерлердің жаңғырған қошеметін сағындым. Жақында ораламын… және бұл оралу күткенге тұрарлық болады», – деп жазды қазақстандық боксшы.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылдың желтоқсанында допинг дауына байланысты бір жылға дисквалификация алып, IBF чемпионы атағынан айырылған еді.

Сондай-ақ жуырда ол WBO ұйымының орта салмақтағы әлем чемпионы титулынан ресми түрде бас тартып, енді екінші орта салмақта өнер көрсететінін мәлімдеді.


Біздің серіктес: Olimpbet қосымшасын пайдалан