Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

“Жалған белбеулер дәуірі аяқталды”: Кәсіпқой бокс федерациясы күтпеген мәлімдеме жасады

“Жалған белбеулер дәуірі аяқталды”: Кәсіпқой бокс федерациясы күтпеген мәлімдеме жасады

Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясы ұйымның негізгі мақсаты – боксшылардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғау екенін мәлімдеді.

Федерация өкілдерінің айтуынша, спортшыларды әдейі жеңіліске ұшырататын немесе өзге тұлғалардың мүддесіне пайдаланылатын жекпе-жектерге жол берілмейді.

“Қазақстан кәсіпқой Бокс Федерациясының басты міндеті - боксшыларды қорғау, олардың мансабын өзгенің мүддесіне сай айла-шарғы жасауға жол бермеу. Біз өз спортшыларымызды әдейі жеңіліске ұшырататын жекпе-жектерге жіберіп, оларды біреудің пайдасы мен қаржысы үшін құрбан етуге ешқашан жол бермейміз.

Жалған белбеулерді саудалау мен рингті күмәнді титулдардың нарығына айналдыру дәуірі түбегейлі аяқталды. Жекпе-жектерді санкциялаудан бас тарту немесе лицензияларды кері қайтарып алу- бұл жеке көзқарас емес, спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық регламенттердің сақталуын қатаң бақылау.

Спортшылар құрбандыққа шалынатын материал емес. Әділ спорттың ережелері баршаға бірдей!” – деп жазды федерация.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі промоутер Жанпейіс Назарғали Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының жұмысына қатысты пікір білдіріп, отандық кәсіпқой бокста әділетсіздік, аяқтан шалу және көреалмаушылық бар екенін айтқан еді.


Біздің серіктес: Sport12kz