1 күн бұрын
Үш дүркін ел чемпионы Ресейдің RCC HARD лигасында дебют жасайды
Қазақстандық боксшы, әуесқой бокстан үш дүркін ел чемпионы Әділет Құрметовтің Ресейдің RCC HARD жұдырықтасу лигасындағы алғашқы жекпе-жегінің өтетін күні белгілі болды.
Спортшы қыркүйек айының басында Ресейдің Челябі қаласында өтетін турнирде дебют жасайды. Қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ. Қазір Құрметов алдағы жекпе-жекке дайындықты бастап кеткен.
Еске салайық, биыл мамыр айында Әділет Құрметов жеңіл салмақта өткен One Round нокаут-шоуының жеңімпазы атанып, турнирде үш қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген болатын. Осы жетістігінің арқасында ол RCC HARD лигасымен келісімшартқа қол қойды.
Құрметов әуесқой бокстан Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Сондай-ақ 2021–2024 жылдары кәсіпқой рингте өнер көрсетіп, үш жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен.
Біздің серіктес: Sport12kz