1 күн бұрын
World Boxing ресейлік боксшыларға қатысты шектеулерді жойды
World Boxing ұйымы ресейлік боксшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына қойылған шектеулерді алып тастады. Бұл туралы Ресей спорт министрі Михаил Дегтярев мәлімдеді.
Жаңа шешімге сәйкес, Ресей спортшылары енді халықаралық додаларда бейтарап мәртебесіз өнер көрсетіп, елінің туы мен мемлекеттік рәміздерін пайдалана алады. Бұған дейін ресейлік боксшылар халықаралық жарыстарға бейтарап спортшы ретінде қатысып келген.
Дегтяревтің айтуынша, ресейлік спортшылардың халықаралық аренаға толыққанды оралу мәселесі World Boxing президенті Геннадий Головкинмен 2026 жылдың қаңтарында Ташкентте өткен кездесуде талқыланған.
«Спорт саласындағы қалыпты байланысты қалпына келтіру мәселесін біз World Boxing президенті Геннадий Головкинмен Ташкенттегі кездесуде талқыладық», – деді Ресей спорт министрі.
Осы шешімнен кейін ресейлік боксшылар World Boxing қамқорлығындағы халықаралық жарыстарда Ресей туы астында өнер көрсетіп, елінің әнұранын орындауға мүмкіндік алады
Біздің серіктес: Sport12kz