4 сағат бұрын
Астанада өтетін World Boxing әлем чемпионатына дайындық барысы таразыланды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Глазгода World Boxing атқарушы комитеті 2027 жылы Астанада өтетін World Boxing әлем чемпионатына дайындық барысын және Лос-Анджелес Олимпиада циклінің соңына дейінгі халықаралық жарыстардың кеңейтілген күнтізбесін қарады, деп хабарлайды Sport12.kz
Жарыс мәселелерінен бөлек, Комитет World Boxing ұйымын басқаруды нығайту мен ұзақ мерзімді дамыту бағытындағы жұмыстарын жалғастырды. Мүшелер 2026 жылдың қарашасында Панамада өтетін World Boxing конгресіне дайындық барысымен, соның ішінде комитет құрылымына және сайлау процедураларына ұсынылатын түзетулермен танысты.
Кездесуден кейін сөз сөйлеген World Boxing Президенті Геннадий Головкин:
«Бүгінгі талқылаулар мен шешімдер World Boxing шаршы алаңның ішінде де, сыртында да айтарлықтай ілгерілеушілікке жетіп жатқанын көрсетті. Олимпиадалық іріктеу жолын өткізетін елдерді анықтаудан бастап, басқару жүйемізді нығайтуға, жаһандық мүшелігімізді кеңейтуге және Конгреске дайындалуға дейінгі қадамдар арқылы біз Олимпиада қозғалысы аясында бокстың табысты болашағын қамтамасыз ете алатын ашық, әрі қуатты ұйым құрып жатырмыз», – деді.
Біздің серіктес: Sport12kz