Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

9 сағат бұрын

Қазақстандық боксшылар алғашқы Олимпиада лицензиялары үшін Астанада бақ сынайды

Қазақстандық боксшылар алғашқы Олимпиада лицензиялары үшін Астанада бақ сынайды

Фото:ҚБФ

World Boxing ұйымы 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына іріктеу турнирлерін өткізетін елдерді анықтады.

Глазгода өткен атқарушы комитет отырысында 2027 жылы өтетін құрлықтық лицензиялық жарыстардың ұйымдастырушылары белгілі болды.

Құрлықтық іріктеу турнирлері:

• Америка – АҚШ;

• Азия – Қытай;

• Еуропа – Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Еуропа ойындары;

• Мұхит аралдары – Самоа;

• Африка – Нигерия.

Осылайша Қазақстан боксшылары Олимпиада лицензиялары сарапқа салынатын Азия құрлығының іріктеу турнирінде Қытайда өнер көрсетуі мүмкін.

Бұдан бөлек, 2028 жылы екі әлемдік лицензиялық турнир өтеді. Біріншісін Италия, екіншісін Венгрия қабылдайды. Бұл жарыстар құрлықтық кезеңде жолдама ала алмаған боксшыларға Олимпиадаға іріктелудің қосымша мүмкіндігін береді.

Ал Қазақстан құрамасы үшін Олимпиадаға апарар алғашқы жол ашатын жарыс Астанада өтеді. 2027 жылғы World Boxing әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар өз жанкүйерлерінің алдында Лос-Анджелес Олимпиадасының алғашқы лицензиялары үшін бақ сынайды.

Іріктеу жарыстарының нақты мерзімі кейін жарияланады.


Біздің серіктес: Sport12kz