6 сағат бұрын
Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде екінші орынға жайғасты
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) екінші орта салмақтағы жаңа рейтингін таныстырды. Тізімде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы бірден екінші орыннан көрінді.
Бұған дейін орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуіне ие болған отандасымыз титулдан өз еркімен бас тартып, салмағын ауыстырған еді. Осыдан кейін ол екінші орта салмақтағы рейтингте жоғары позицияға орналасты.
Бұл салмақта көш бастап тұрған боксшы – мексикалық Сауль «Канело» Альварес. Ал WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы – Ұлыбританиялық Хамза Шираз.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 21 шілдеде орта салмақтағы WBO белбеуін бас тартып, мансабын екінші орта салмақта жалғастыратынын мәлімдеген.
Біздің серіктес: Sport12kz