1 күн бұрын
Ресей құрамасы Олимпиада-2028-дегі басты мақсатын жариялады
2025 жылғы әлем чемпионы Всеволод Шумков World Boxing ұйымының ресейлік боксшыларға ұлттық рәміздермен халықаралық жарыстарға қатысуға рұқсат беру шешіміне пікір білдірді.
Шумков бұл жаңалықтың Ресей құрамасы үшін үлкен маңызға ие екенін айтып, әлемдік бокстың ресейлік спортшыларсыз бәсекелестік деңгейі төмендейтінін жеткізді.
– Бұл – біз үшін өте маңызды оқиға. Әлемдік бокс Ресейсіз бұрынғыдай емес екенін бәрі көрді. Біз жоғары деңгейдегі бәсекені көрсете аламыз, – деді ол.
Сондай-ақ әлем чемпионы Ресей құрамасының 2028 жылғы Олимпиада ойындарында алтын медаль үшін күресуге дайын екенін мәлімдеді.
– Ресейде мықты боксшылар өте көп. Біз Олимпиадаға барып, өз деңгейімізді дәлелдеуге дайынбыз. Алтын медаль жеңіп алуға мүмкіндігіміз жоғары. Бұл – менің ең үлкен арманым, – деді Шумков.
Айта кетейік, World Boxing ұйымының президенті – қазақстандық Геннадий Головкин. Сонымен қатар ол Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті қызметін де атқарады.
Біздің серіктес: Sport12kz