Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Әлімханұлы «Канело» мен Ширазға тағы да үндеу жасады

Әлімханұлы «Канело» мен Ширазға тағы да үндеу жасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, жеңіліс көрмеген Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альвареске және британдық Хамза Ширазға кезекті рет үндеу жолдады.

«„Канело“ ма, әлде Шираз ба? Қайсысы батылырақ екенін көрейік!» – деп жазды Әлімханұлы Instagram парақшасындағы сторисінде.

Еске салайық, бұған дейін Жәнібек екінші орта салмаққа ауысқанын ресми түрде жариялаған болатын. Осыған байланысты ол орта салмақтағы WBO әлем чемпионы атағынан бас тартты. Кейін ұйым қазақстандық боксшыны жаңа салмақ дәрежесінің рейтингінде екінші орынға орналастырды.

Қазіргі таңда Әлімханұлы допинг сынамасына байланысты алған уақытша дисквалификациясын өтеп жатыр. Оның жазасы биылғы желтоқсан айында аяқталады.



Біздің серіктес: Sport12kz