Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

1 күн бұрын

Канелоны шайнамай жұтамын — Жәнібек Әлімханұлы

Канелоны шайнамай жұтамын — Жәнібек Әлімханұлы

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы супер орта салмақтағы жоспары аясында Сауль «Канело» Альвареспен ықтимал жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.

Qazaq Style мексикалық боксшымен шаршы алаңда кездескен жағдайда басым түсетініне сенімді. Ол тіпті Альваресті «шайнамай жұтатынын» айтып, батыл мәлімдеме жасады.

«Кей жанкүйерлердің кейінде Жәнібек Канелоны ұта алады ма екен деген сұрақтар бар сияқты. Егер канело менімен шығуға батылы жетсе, жалпақ тілмен айтқанда оны шайнамай жұтамын. Құдай тәкаппарлықтан сақтасын, сенімді түрде айтамын, мен өз деңгейімді және оның деңгейін білемін. Қазақтар осал емес. Кәсіпқой бокста өз орнымыз бар ұлтпыз», - деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылдың соңында допинг қолданғаны анықталып, бір жылға дисквалификацияланған. Ол супер орта салмаққа биыл ауысты. Бұған дейін орта салмақта өнер көрсетіп, IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанған.


Біздің серіктес: Sport12kz