21 сағат бұрын
Украина Головкин басқаратын World Boxing ұйымының шешіміне қарсылық білдірді
Украина бокс федерациясы World Boxing ұйымының ресейлік спортшыларға қатысты шектеулерді алып тастауына қарсылық білдірді.
Украина тарапы Головкин басқаратын ұйымға наразылық хатын жолдаған. Бұған ресейлік боксшыларға халықаралық жарыстарда өз елінің туы мен әнұраны астында өнер көрсетуге қайта рұқсат берілуі себеп болған.
Айта кетейік, 2026 жылдың мамырында World Boxing Беларусь спортшыларына қатысты шектеулерді де алып тастап, олардың мемлекеттік туы мен әнұраны астында жарыстарға қатысуына мүмкіндік берген еді.
Біздің серіктес: Sport12kz