Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 сағат бұрын

Бокстан Азия ойындарында ұлттық құрама көшбасшылары ел намысын қорғайды

Бокстан Азия ойындарында ұлттық құрама көшбасшылары ел намысын қорғайды

Фото:ҚБФ

Бокстан Азия ойындарына қатысатын әйелдер құрамасының тізімі белгілі болды. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Сайдалын Olimpic.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

«Қазіргі таңда Азия ойындарына қатысатын боксшылардың тізімі толық анықталды. Атап айтсақ, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Наталия Богданова (75 келіге дейін).

Спортшыларды іріктеу барысында өткен жылғы әлем чемпионатының, биылғы әлем кубогы кезеңдерінің нәтижелері ескерілді», – деді бас бапкер.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтеді.


Біздің серіктес: Sport12kz