Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Olimpbet қосымшасын пайдалан Өту
Біз тіркелгенің үшін 100 000 бонус береміз Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-қа аттанатынын мәлімдеді

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-қа аттанатынын мәлімдеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы жақын күндері АҚШ-қа баруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

«Барлығы қайтадан басталады! Бастамасы сәтті болған сияқты. Бізге қолдау көрсетіп жүрген барша жанкүйерге үлкен рақмет! Қазір визаны күтіп отырмыз. Егер бәрі ойдағыдай болса, жақын күндері АҚШ-қа аттанамыз», – делінген «Qazaq Style» командасының Instagram парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін Әлімханұлы екінші орта салмаққа ресми түрде ауысқанын жариялаған болатын. Осыған байланысты ол WBO тұжырымы бойынша төменгі салмақтағы әлем чемпионы атағынан бас тартты. Кейін ұйым қазақстандық боксшыны жаңа салмақтағы рейтингтің екінші орнына орналастырды.

Қазіргі таңда Жәнібек допинг сынамасына байланысты салынған дисквалификациясын өтеп жатыр. Оның мерзімі биылғы желтоқсанда аяқталады.




Біздің серіктес: Sport12kz