1 күн бұрын
Мейірім Нұрсұлтанов WBC титулы үшін жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов келесі жекпе-жегінде уақытша WBC әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады.
Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы 19 қыркүйекте АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диегода америкалық Хесус Рамоспен кездеседі. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 20 қыркүйек күні таңертең өтеді.
Кездесуде орта салмақтағы уақытша WBC чемпиондық белбеуі сарапқа салынады. Бұл жекпе-жек бокс кешінің басты алдындағы айқасы болады.
Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов соңғы рет 2023 жылы шаршы алаңға шығып, Ташкентте чилилік Хулио Аламосты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын. Ал Хесус Рамос соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында өткізіп, Шейн Мозлидің ұлын ұпай санымен жеңген еді.
Біздің серіктес: Sport12kz