1 күн бұрын
Жәнібек Әлімханұлы Мейірім Нұрсұлтановқа сәттілік тіледі
Жәнібек Әлімханұлы Мейірім Нұрсұлтановтың алдағы титулдық жекпе-жегі алдында қолдау көрсетті.
Қазақстандық боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында Нұрсұлтановтың WBC белбеуі үшін өтетін айқасына қатысты жылы лебізін білдірді.
“Бауырым үшін өте қуаныштымын! Тек сәттілік пен жарқын жеңіс тілеймін! Бұйырса чемпион болып, ел мерейін асқақтата берсін! Тілеулеспін!” — деп жазды Әлімханұлы.
Айта кетейің, Мейірім Нұрсұлтанов 20 қыркүйекте АҚШ-тың Сан-Диего қаласында Хесус Рамосқа қарсы жұдырықтасады. Боксшылар WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағын сарапқа салады. Қазір бұл белбеу Рамостың қолында.
Айқас Pechanga Arena залында өтеді. Қазақстандық боксшы үшін бұл кәсіпқой мансабындағы кезекті маңызды сынақ болмақ.
Мейірім Нұрсұлтанов осы уақытқа дейін рингте жеңіліп көрген жоқ. 20 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, 11 қарсыласын нокаутпен тоқтатқан.
Ал Хесус Рамос-кіші кәсіпқой бокста 25 кездесу өткізіп, 24 рет жеңіске жеткен. Оның 19-да нокаут тіркеген. Ал бір рет жеңілген.
Біздің серіктес: Sport12kz