21 сағат бұрын
Әли Ахмедов WBC рейтингінде жоғарылады
Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов WBC рейтингінде өз орнын айтарлықтай жақсартты.
25 шілдеде Алматыда өткен бокс кешінде Әли Ахмедов оңтүстікафрикалық Асемхале Веллеммен жұдырықтасып, оны техникалық нокаутпен жеңген еді.
Осы жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы жартылай ауыр салмақтағы IBO-ның уақытша әлем чемпионы атанды.
Ол бұл жеңістен кейін WBC рейтингінде бірден 10 орынға көтеріліп, 28-сатыға жайғасты.
Екінші орта салмақта өнер көрсететін Бек Нұрмағанбет те жоғарылады. Ол 19-орыннан 13-орынға көтерілді.
Ал Мейірім Нұрсұлтанов орта салмақтағы рейтингте бұрынғыдай бірінші орында.
Бұл салмақта WBC белбеуі Карлос Адаместе болса, уақытша чемпион атағын Хесус Рамос иеленіп отыр. Нұрсұлтанов пен Рамос 19 қыркүйекте АҚШ-та жұдырықтасады.
Екінші жеңіл салмақта Сұлтан Заурбек 17-орынын сақтады. Бұдан өзге Бекман Сойлыбаев екі саты төмендеп, 39-орынға түсті.
Жеңіл салмақтағы рейтингте 30-орында болған Елшат Нығметолла бұл жолы тізімге енбеді.
Біздің серіктес: Sport12kz