1 күн бұрын
WBC Мейірім Нұрсұлтановтың жекпе-жегіне қатысты маңызды шешім қабылдады
Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) орта салмақтағы әлем чемпионы Карлос Адаместің келесі қарсыласын анықтады.
Журналист Дэн Рафаэльдің мәліметінше, WBC Адамеске WBO чемпионы Дензел Бентлимен титулдарды біріктіру жекпе-жегін өткізуге рұқсат бермеген. Ұйымның шешімі бойынша, Адамес келесі айқасында Мейірім Нұрсұлтанов пен Хесус Рамос арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасуы тиіс.
Қазіргі таңда Рамос WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы уақытша чемпион болса, Нұрсұлтанов осы белбеуге ресми үміткер мәртебесінде.
Нұрсұлтанов пен Рамос арасындағы жекпе-жек 19 қыркүйекте АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өтеді.
Ал Карлос Адамес соңғы жекпе-жегін наурыз айында өткізіп, Остин Уильямсты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген.
Біздің серіктес: Sport12kz