7 сағат бұрын
Қазақстандық боксшы нокауттан кейін АҚШ-та қайта рингке шығады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Евгений Павлов (12-0, 9 КО) АҚШ-тағы келесі жекпе-жегін өткізетін күнін белгіледі.
BoxRec мәліметінше, Павловтың келесі кездесуі 24 қазанда Мэриленд штатындағы Хановер қаласында өтеді. Әзірге оның қарсыласының аты-жөні жарияланған жоқ.
Еске салайық, Павлов бұған дейін 18 шілдеде дәл осы қалада шаршы алаңға шыққан. Қазақстандық боксшы бірінші раундта колумбиялық Альбейро Паредесті (14-3, 12 КО) нокаутқа жіберіп, екінші жеңіл салмақтағы NABA және WBC Continental Americas ұйымдарының бос тұрған чемпиондық белбеулерін иеленді.
Бұл Павловтың 2026 жылғы кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегі болды. Бұған дейін ол 2023 жылдан бері кәсіби рингке шықпаған еді.
Біздің серіктес: Sport12kz